Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • en
  •             

    4-маусым "Рәміздер күні"

                 Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимінін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Осындай мақсатта 4-маусым күні мектеп-лицейімізде «Рәміздерім-мақтанышым» атты 5-8 сыныптар арасында мерекелік шара өткізілді.
                Шара барысында Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар екендігін оқушыларға ұғынды.
                Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұрғандығын оқушылар бойынан патриоттық сезімін оятты.

    12.06
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки