Бүгінгі күні оқып-үйренем деген балаға шексіз мүмкіндіктер жасалып отыр. Өскелең ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүддесіне сай өмір сүруге бейімдей отырып, ой тұжырымдатып, ғылым әлеміне тартушылар – ұстаздар.
«Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны»-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы дайындалу нәтижесінде мектеп-лицейіміздің түлектері биылғы оқу жылында төмендегідей жетістіктер көрсетті.